Шымкент қаласы маңындағы алыс шағынаудандарға жаңа автобустар қатынай бастады. Бұл жұмыс қала әкімінің тікелей тапсырмасымен орындалуда.
– Әлеуметтік маңызы бар №142, 143, 144 және 146 автобус бағыттары жолға шыға бастады.
№142 автобус бағыты – Текесу шағын ауданына, №143 бағыттағы көлік – Бадам-2 шағын ауданына, №144 автобус – Жыланбұзған, Айнатас, Елтай тұрғын алаптарына, №146 бағыт Жаңаталап, Көкбұлақ, Алтынтөбе тұрғын алаптарына қатынайды, - деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.
Аталған автобус бағыттарындағы көліктер таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін қатынайды, қозғалыс аралығы - 20-30 минут.