Емхана маңынан көлік тұрағы салынуда Избранное

Среда, 24 Апрель 2019 03:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 242 раз

Нұрсәт шағынауданындағы қалалық №3 емхана маңынан автотұрақ салынуда.

57568480 845117432501293 2109990417456955392 n-1

– Қалалық №3 емханаға келуші азаматтар мен осы мекеменің қызметкерлерінің өтінішіне орай, емхана жанынан арнайы автотұрақтың құрылысы басталып кетті.

Бұл нысан Нұрсәт шағынауданындағы Бәйтереков және Измир көшелерінің қиылысында орналасқан, - деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.

Осы орайда тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстар үшін әкімдікке алғыстарын айтты. Еске салсақ, бұған дейін емханаға келген тұрғындар көліктерін қоятын жер таппай, алыс аумақтарға сабылып, әбігерге түсетін еді. Енді бұл мәселе шешімін тауып, көп ұзамай жаңа тұрақ пайдалануға берілмек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.