Отандық тауарлар мен қызметтер – басты назарда Избранное

Среда, 24 Апрель 2019 04:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2014 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры Имер Боннер бастаған делегаттарды қабылдады. Кездесуде ТШО жобасында қазақстандық қамтуды арттыру жөніндегі жоспарларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Теңізшевройл 1

Компания бүгінде Шымкент қаласында орналасқан матор майларын шығаратын «HILL» ЖШС, «Стандарт цемент» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, бетон өнімдерін шығаратын «Нур-Строй» ЖШС, «Ордабасы Құс» және «Шай әлемі» ЖШС өнімдерін қолдануда.

Қала әкімі компания өкілдерін жергілікті өнімдер үлесін арттыра отырып, Шымкенттегі бизнесті дамытуға өз үлестерін қосуға және қалада орналасқан өндіріс орындарының жұмысымен танысып, олармен келісімге отыруға шақырды.
Айта кетейік, 2018 жылы ТШО тарихында рекордты 3,5 миллиард АҚШ доллары болатын сомаға қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.