Версия для печати

Мемлекеттік аудит: Талап күшейеді Избранное

Вторник, 30 Апрель 2019 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3257 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Әр маусым сайын сала мамандары қоғам өкілдерімен кездесіп, атқарған жұмыстарын баяндап отырмақ. Бұл туралы мемлекеттік аудит саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өткен семинар-кеңесте айтылды.

DSC 1080

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басқа да органдармен бірлесіп, бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдалауын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.

Басқосуда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың «Мемлекеттік аудит» бөлімі бақылау және қадағалау органдарының өкілдерімен жан-жақты талқыланды. Маңызды құжатта мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау еліміздің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің басты бағыттарының бірі екені айтылады.

– Республикалық бюджетті игеруді бақылау бойынша есеп комитетімен жүргізілген бюджеттік қаржыны игеру мониторингін ұлғайтумен бірге аталған қаржыны игерудегі құқық бұзушылықтардың өсуі де байқалады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің бюджеттік саясатын жүргізудегі қадағаушы органдардың маңызды рөлін көрсетеді, - деді Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бастығының орынбасары Ербол Тұрсынбеков.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында және мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіруге, қаржылық бақылауда мемлекеттің жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар талқыланды. Онда есеп комитетімен тиімділік пен нәтижелілікті анықтау мақсатында мемлекеттік аудиторлық және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау мәселесі қаралып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту керегі айтылды.