Мегаполиске – заманауи үйлер Избранное

Пятница, 03 Май 2019 04:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3764 раз

Үшінші мегаполисте елімізге белгілі отандық BI Group компаниясы заманауи жаңа көпқабатты үй тұрғызады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Tamerlan residence тұрғын үй кешенінің жоба макетімен танысты.

DSC 3520

Бизнес-класты тұрғын үй кешенінде 1,2,3 және 4 бөлмелі барлығы 349 пәтер бар. Жалпы көлемі 51 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде 7 блок пен екі деңгейлі жерасты паркингі салынады.

Салтанатты іс-шараға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көпшілікті 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Қаланың көркеюіне үлес қосып отырған компания басшылығына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

– Жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысын бастаған компания жетекшілеріне алғыс білдіремін. Бұл компания қалада бірнеше жобаны сәтті жүзеге асырып келеді. Оның бірі – келесі жылы салтанатты түрде ашылатын Конгресс холл.

Бұған қоса қала тұрғындарына жайлы баспана салу ісін қолға алып отыр, - деді қала әкімі.

Тұрғын үй кешені әкімшілік-іскерлік орталығында, Бәйтереков көшесінің бойында орналасқан. 12-16 қабатты кешеннің болашақ тұрғындарына шетелдік жүк және жолаушыларға арналған дыбыссыз лифтілер, бейнебақылау мен күзет қызметі тәулік бойы қызмет етеді.

– Құрылыстың бірінші кезеңі 2020 жылдың қазан айында бітеді деп жоспарланған. Онда тұрғын үй кешенінің 4 блогы салынады. Пәтердің бағасы 1 шаршы метріне 290 мың теңгеден басталады,– деді жоба жетекшісі Нышаналы Қалдыбаев.

Салтанатты іс-шарада эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен «7-құрылық» би тобы өнер көрсетті. Сондай-ақ, ұтыс ойындары ұйымдастырылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.