Қыстың қамын жаз ойла Избранное

Пятница, 17 Май 2019 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2553 раз

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен Қаратау ауданы әкімдігі көпқабатты үйлерді қысқы жылу маусымына дайындау жұмыстарын кестеге сәйкес бастап кетті.

Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекшісі Бауыржан Қалдыбаев бастаған мамандар үйлердегі барлық жылу тарату құбырлары және пәтерлерге жүргізілген тік құбырларды сығымдаудан өткізіп, ақаулары барын ретке келтірді.

– Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында жылу құбырлары жылу сақтағыш материалдармен оралып, бұрандалар, ысырма жапқыштар майланып, сырлануда.

Бұл жұмыстар жылыту маусымында көпқабатты тұрғынүйге жылуды сапалы және үздіксіз беруге бағытталған, - дейді халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Амангелді Омаров.

«ОҚО үйлерді басқару» ЖШС басшысы Жұмабек Исмаиловтың айтуынша, аталған мекеме тарапынан жертөледе орналасқан жылу құбырларының барлық ысырма жапқыштары заманауи ысырма жапқыштарға ауыстырылуда.

«Қазіргі таңда Нұрсәтте 200-ге жуық үй бар болса, соның 50-ге жуығында ауыстырып үлгердік», - дейді мекеме басшысы.

 

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.