Шағынаудандарға – жаңа автобустар

Пятница, 17 Май 2019 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 482 раз

«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, қалаға мамыр айының соңында жеткізілетін жаңа автобустарды қабылдау және бағыттар құруға дайындық жүріп жатыр.

Жана автобустар

– Біз №14 және 44 бағыттардың қаладағы жүктемесі ең көп бағыттар екенін анықтадық. Жаңа автобустардың осы бағыттарда қызмет көрсетуін талқылаудамыз.

Сондай-ақ, орталықтан алыс орналасқан Тұран, Асар, Колос шағынаудандарын автобустармен қамтамасыз ету жоспарда бар, - деп жазды Р.Аюпов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы бір жаңалық - Шымкентте жаңа үлгідегі автобус паркі салынуда.

– Қазір біз жаңа автобус паркін салудамыз. Онда сервистік орталық, диспетчерлік қызмет, ЖҚС, қызметкерлерге арналған асхана мен жатақхана орналасады, - деді Р.Аюпов.

«Шымкент» ӘКК төрағасының пікірінше, қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан қоғамдық көлік қызметінің сапасына ерекше мән берілуде. Айта кетейік, автопарк Қапал батыр көшесінде орналасқан.