Версия для печати

Мегаполис инфрақұрылымы – негізгі бағыт Избранное

Среда, 22 Май 2019 03:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2923 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Премьер-Миинстрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет басшысы мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Шымкент Орталық Азияның қуатты экономикалық орталығына, қонақтар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған ірі әрі тартымды мегаполиске айналуы тиіс.

Мамин

ҚР Үкіметінің басшысы жұмыс сапары барысында мегаполис төңірегіндегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Бұл жобалардың қатарында Тұран шағынауданындағы жол, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылы салынатын газ таратушы станция, «Бозарық» қосалқы станциясы бар.

Оның ішінде «Бозарық» станциясы биыл қараша айында пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде шамамен 250 мың адам тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Премьер-Министр «Тассай» индустриялық аймағындағы кәсіпорындардың да жұмысымен танысты. Бұған қоса Үкімет басшысына «Жұлдыз» көпсалалы индустриялық аймағы және мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін қамтамасыз етуге бағытталған «Шымкент» агро-индустриялық аймағы таныстырылды.

Елбасы тапсырмасы бойынша дамытуға 600 млрд теңге қаражат бөлінген «қарапайым заттар экономикасы» мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Премьер-Министрге халық тұтынатын тауарлар өндірісін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалғаны баяндалды.

Соның нәтижесінде, бүгінгі таңда мегаполис үлесіне Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі көлемінің 23% тиесілі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.