Шам жарығымен өткен экскурсия Избранное

Среда, 22 Май 2019 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2753 раз

Халықаралық музейлер күнінде Шымкентте «Музей түні» акциясы өтті. Тарихи-өлкетану мұражайындағы ерекше іс-шара биыл сегізінші рет ұйымдастырылды. Акция аясында танымдық викториналар мен экспозиция залдарына тегін шолу экскурсиялар болды.

IMG 1815

Мәдени шараны белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов ашып беріп, кешкі шаралар легі ОҚМПУ «Өнер және дизайн» факультеті студенттерінің «Ақбаян» сән театры ұсынған дефилемен басталды. Заманауи қазақи нақыштағы «Ұлы Дала айшықтары» және «Eko-Deluxe» киім топтамалары көпшілік назарына ұсынылды.

Акция жастардың домбыра party басқосуына ұласты. Музейге жиналған жастар бұрын қалалық саябақтарда домбыра тартып, жұртты таңғалдырып жүрген-ді. Бұл жолғы іс-шараға өнер адамдары, домбырашылар, домбыраны жаңа үйреніп жүрген жастар да қосылды. Кеш бойы күмбірлеген қазақ күйлері орындалды.

Сонымен қоса өңір тарихын зерттеу мен музей ісін дамытуға еңбек сіңірген музей қызметкерлері марапатталды. Түнгі эксурсияда шамның жарығымен музей залдарын аралаған қалалықтар ерекше әсер алып қайтты.