Германия – тұрақты инвестор Избранное

Пятница, 24 Май 2019 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2160 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер бастаған делегациямен кездесті.

Елші 3

Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты.

Қала әкімі Германияны сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор деп санайтынын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екенін жеткізді.

Өз кезегінде мәртебелі мейман жаңа статусқа ие болған Шымкент аумағында жүзеге асатын жобаларға неміс кәсіпкерлері қатысуға дайын екенін және сол арқылы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

Бүгінгі таңда Шымкенттегі «Karlskrona LC AB», «AsiaTrafo», «Бал Текстиль», «AZALA Textile» сынды ірі кәсіпорындар алдыңғы қатарлы неміс компанияларының технологиялары мен жабдықтарын қолданады.

Ал,«Шымкентцемент» АҚ «Heidelbergcement» компаниясының қатысуымен цемент зауытын жаңғырту жобасын жүзеге асырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.