Қызғалдақ ағашын көрдіңіз бе?

Среда, 29 Май 2019 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3541 раз

Шымкенттің Дендросаябағында қызғалдақ ағашы өсетінін білесіз бе? Бұл өзі өте ерекше өсімдік.

Қызғалдақ ағашы-1

Ғылыми тілде «Магнолиялық туыстарға жататын қызғалдақ лиродендроны» деп аталады. Отандық Liriodendron – Солтүстік Америка магнолия тұқымдастарына жататын сәндік ағаш.

Дендросаябақтың жүйеленген түрлі жиынтығындағы магнолия тұқымдастар ішіндегі көз тартар өсімдіктердің бірі. Қызғалдақ ағашы – бүкіл Азия үшін өте сирек және құнды ағаш.

Мемлекет қайраткері А.Асқаровтың тікелей басшылығымен құрылған дендросаябаққа көптеген елдерден және өз елімізде кездесетін, кездеспейтін ағаш түрлері әкеліп егілді.

Соның бірі – Солтүстік Америкалық қызғалдақ ағашы қазіргі таңда қаламыздың дендросаябағында өсіп, гүл жаруда.

Қызғалдақ ағашы – өте сүйкімді өсімдік, жапырағы мен гүлі айрықша әдемі, асқан сәнді ағаш. Ол көктемде, мамыр айында гүлдейді. Құнарлы, ылғалды, күн көп түсетін, ыстыққа төзімді ортада өседі. Түпкі шыққан жері ыстық аймақ болса да суыққа төзімді.

Құрылыс жұмыстарына 35 жылдық қызғалдақ ағашы қолданылады. Қаттылығы жағынан темірдей мықты.

Жапырағы мен гүлі тәтті шырынды келеді. 15-20 метрлік ағаштан 1 кг қызыл бал алуға болады. Бұл өсімдік өте жылдам өседі, сондықтан саябақтар үшін таптырмайтын өсімдік.

Қызғалдақ ағашы қала көшелеріне, адам қарасы көп жерлерге және үй аулаларына көптеп отырғызылса, қоршаған ортамыз керемет көріктене түсер еді.

Айтпақшы, кереметтей қызғалдақ ағашын, оның гүлдегенін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, дендросаябаққа келіңіз!

Әлия Жаппарова,
орман шебері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.