1000 орындық жаңа аурухана салынады Избранное

Среда, 05 Июнь 2019 03:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2338 раз

Шымкентте 1000 орынға арналған ірі аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық салынады.

мед орталыкк

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов аталған ірі жобаны қаржыландырып отырған инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы бұл жоба Үкімет тарапынан бекітілген ірі жобалардың бірі екенін айтып, оны жүзеге асыру үшін әкімдік барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Құрылыс жұмыстарына әкімдік тарапынан 150 гектар жер бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген нысанның құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады деп жоспарлануда.

Жалпы жоба құны 180 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның 15 пайызын жергілікті жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен қаржыландырса, қалған 80 пайызы инвестордың есебінен болмақ.

Жоба бойынша аурухана 6 корпустан тұрады. Оның ішінде, хирургиялық, терапиялық және ана мен бала орталығы, патологоанатомиялық бюро және сот-медициналық сараптама бюросы мен жедел медициналық және санитарлық-авиациялық көмек орталығы науқастарға жоғары деңгейде көмек көрсететін болады.

Последнее изменение Среда, 05 Июнь 2019 04:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.