«Ашық әкімдік» – қызмет сапасының жаңа үлгісі Избранное

Пятница, 07 Июнь 2019 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2769 раз

Шымкент қаласының әкімдігі «Ашық әкімдік» форматында жұмыс істеуді бастады.

Ашық әкімдік-2

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын уақыт талабына сай жетілдіру мақсатындағы бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз байланыс орнату туралы тапсырмасы аясында қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың бастамасымен жүзеге асып отыр.

Әкімдік ғимаратының бірінші қабатынан ашылған «Халыққа қызмет» орталығында тұрғындар үшін арнайы электронды кезек залы қызмет ете бастады. Онда мамандар келушілерге жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелері бойынша кеңес беріп, қызмет көрсетеді.

Келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi мен банкоматтар және төлем терминалдары, арнайы e-gov порталына қосылған терминалдар орнатылған.

Мұнда қала әкімі мен орынбасарларының тұрғындармен «Ашық диалог» форматында жұмыс істеуі үшін open space залдары құрылды. Онда қала әкімінен бөлек оның әр орынбасары өз салалары бойынша апта сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Айта кетейік, «Ашық әкімдік» орталығы Н.Назарбаев даңғылы, №10 ғимаратта орналасқан.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.