17 мыңнан астам шымкенттік мемлекеттік қызметтерді Telegram-Bot арқылы алады

Пятница, 14 Июнь 2019 16:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 725 раз

Мамыр айында мемлекеттік қызметтер ұсынатын телеграмдағы EgovKzBot ашылғанына 1 жыл толды. Осы уақыт ішінде оны 17 мыңнан астам шымкенттік пайдаланып, 47 мыңнан астам қызмет алды.

Бір жыл бұрын тelegram-боттың көмегімен тек төрт танымал қызмет түрін, атап айтқанда мекенжай, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысы, сотталмағаны және жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы сияқты анықтамаларды алуға болатын еді. Бүгінде боттағы қызметтер мен сервистер саны 25-ке жетті. Оны қолданушылар жақын жердегі ХҚО-да кезек алып, өзін борышкерлер тізімінен тексеріп, наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлер есебінде тұрмауы жөніндегі анықтамаларды алып, дәрігер қабылдауына онлайн жазыла алады. Бот арқылы анықтамаларды бір минуттың ішінде алып, керекті электронды поштаға жолдауға болады.

Шымкент. Телеграм.kz

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі Алтынай Татаеваның айтуынша, миллион тұрғыны бар қала халқы үшін анықтамаларды ХҚО-ға бармай-ақ алу өте қолайлы.

EgovKzBot Telegram-ботының тұрақты пайдаланушысы болу үшін азаматтар тек бір рет мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет. Мұны egov.kz электронды үкімет порталының жеке кабинетінде немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.