Жол құрылысы – биліктің қадағалауында Избранное

Среда, 19 Июнь 2019 05:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 464 раз

Шымкент қаласының әкімі Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ғабидолла Әбдірахымов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

жол құрылысы

– Кезекті рет Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, қадағалап шықтым. Мұндағы мақсатымыз – бұл көшені қаланың ең көрікті көшелерінің біріне айналдырып, болашақта басқа көшелерді де осы үлгі бойынша жөндеу, қаламызға сән беру. Алайда, кейбір жеке тұлғалар өз бастарының мүдделерін қоғам мүддесінен жоғары қоюда.

Мысалы, жекеменшік Шымкент экономикалық колледжінің басшылығы жалға берілетін футбол алаңшасы көрінбей қалғандықтан, көше бойындағы ағаштарды кесіп тастаған. Бұл жағдай бойынша заң аясында қатаң шара қолдануды тапсырдым. Қаланың көркін бұзатын, тұрғындарға қолайсыздық тудыратын осындай келеңсіз іс-әрекеттердің барлығы қатаң жазаланады, - деді қала әкімі.

Айта кетейік, ағаш қырқу фактісіне қатысты ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша Шымкент экономикалық колледжінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.