Он бағыт жүйелі насихатталады Избранное

Пятница, 21 Июнь 2019 03:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2899 раз

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында 9 маусымда өткен ҚР Президенті сайлауындағы штаб жұмысын қорытындылау бойынша Саяси кеңес мәжілісі өтті.

2

Оған «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депуттары қатысып, пікір алмасты.

Жиналыс барысында қатысушылар Президент айқындаған он бағытты баяндап, іске асыру жолдарын талқылады.

Алдымен Бахадыр Мәдәліұлы штаб жұмысының қорытындысы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы туралы баяндады. Қалалық филиалдың қоғамдық штабы оң нәтижелерге қол жеткізген.

– Қоғамдық штабтың жұмысын оң нәтижелермен аяқтадық. Енді сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша партияның әр белсенді мүшесіне жауапкершілік күшейеді. Қазір жаңа қоғам қалыптасып келеді. Халықты толғандырған сауалдарына дер кезінде жауап беріп, ақпараттандырып отыру керек. Енді он бағытты нақты әрі жүйелі насихаттау қажет, - деді Б.Нарымбетов.

Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Мамытқызы әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесін шешу және өңірлерді дамытудың жаңа бағдары жайлы, мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау туралы, ОҚМПУ проректоры Баршагүл Исабек «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының қалада жүзеге асырылуы бойынша баяндама жасады.

Жиын соңында Қаулы жобасы қабылданды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.