Версия для печати

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылауда!

Вторник, 25 Июнь 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3011 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласында эвакуациялық пункттер ашылып, адамдарды қабылдауда.

Осыған орай, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен пункттерде инфекциялық ауруларды болдырмау және тағамнан уланудың алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар атқару үшін мамандар бекітілді.

Бұдан басқа эвакуациялық пункттерде аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандарымен халықтың тұрғын орны және ауыз су режимі, тамақтануы қатаң қадағалауға алынып, санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Барлық пункттерде келушілерге кабинеттер, спорт зал және акт залдары бөлінген. Төсек жабдықтарымен жеткілікті қамтылған. Жуынуға асханадағы қол жуу орындары мен әжетхананы пайдалануда. Сабынмен жеткілікті қамтылған.

Тамақты мектеп асханаларында ішуде, онда аспазшылар жұмыс жасайды және үлгермегендіктен мектептің мұғалімдері көмекке тартылған. Тамақтар көмек көрсетушілерден жеткізіліп жатыр. Жеткізілген тағам өнімдерін сақтауға мектеп асханаларының тоңазытқыштары қолданылуда. Тағам қауіпсіздігін бақылау мақсатында Ұлттық сараптама орталығының мамандарымен өнімдерге экспресс-әдісі бойынша тексерулер жүргізілуде.

 

index.jindex

 

Барлық пункттерде ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуге залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілген. Қайнаған су электр шәйнегімен және электр котелдармен берілуде.

Эвакуацияланған адамдардың жеке гигиенасын сақтау мақсатында жергілікті әкімдікпен монша мәселесі ұйымдастырылуда.

Медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында барлық пункттерде арнайы жедел жәрдем көлігі және жедел жәрдем бригадасы кезекшілік жүргізуде. Бұдан басқа аумақтық емханалардан дәрігерлер мен медициналық бикелер бөлініп, жұмыс атқаруда. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге дәрі қобдишаларымен қамтылған. Медициналық қызметкерлерге қабылдау орны ұйымдастырылып, шатырлар орнатылған.

Қазіргі таңда келген азаматтарға дәрілік заттар мен жеке күтім өнімдері жеткілікті мөлшерде берілуде, ал гуманитарлық көмек шеңберінде демеушілер қажет болған жағдайда жиналады.
         Эвакуацияланған тұрғындардың өміріне зиян тигізбеу мақсатында дәрілер тек қана сенімді көздерден, яғни дәріханалық қоймалар, ресми ілеспе құжаттары бар фармацевтикалық қоймалардан қабылдануда.
Сонымен қатар, диспансерде тіркелген және үздіксіз емдеуге мұқтаж Арыстың пациенттері үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды үздіксіз жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Барлық пункттерде іс-шаралар және санитариялық- ағарту жұмыстары жалғасуда.

 

inex index5

 

 

Құрметті Арыс қаласының тұрғындарына көмек беруші азаматтар!

Осы орайда, тамақтан улану және ішек ауруларының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ЕСКЕРТЕДІ:

Көмек ретінде:

-         үй жағдайында дайындалған тағамдарды, консервіленген өнімдерді;

-         санитариялық талаптарға сай келмейтін орындардан сатып алынған тағамдарды;

-         кремі бар кондитерлік бұйымдарды;     

-         фритюрде қуырылған бұйымдарды;     

-         күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;    

-         фаст-фудтарды: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нандарды;     

-         ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді ҰСЫНБАҒАН ЖӨН.

Өйткені, жоғарыда аталған тағамдар жаппай тамақтан улануға әкеліп соқтыруы мүмкін!

 

 

 

Шымкент қаласы

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.