Жастарға жалдамалы баспана беріледі Избранное

Пятница, 19 Июль 2019 04:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2564 раз

Жыл сайын Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 1000 пәтерден беріледі. Осы орайда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова баспасөз мәслихатында бағдарламаға кімдер қатыса алатынын айтты.

DSC 4760

– Жастар көп үш қала – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 1000 пәтерден беріледі. Оны сатып ала алмайды. Біз жастарға аяққа тұрып кеткенше мүмкіндік береміз. Баспана алуға ақша жинау оңай емес. Әртүрлі мемлекеттік бағдарлама болса да ақша жинауың керек, – деді вице-министр.

Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау қыркүйекте басталады.

– Бағдарлама ережесі сайтымызда 1 тамызда жарияланады. Ең алдымен 29 жасқа дейінгі жастар қатысады.

Егер отбасылы болса, асырауында мүгедек ата-аналары немесе мүгедек балалары болса, қосымша жеңілдіктерге ие болады. Жалға берілетін тұрғын үй үш жылдан бес жылға дейін беріледі. Жергілікті атқарушы билікпен және басқа да министрліктермен тағы да қарастырамыз, – деді Омарбекова.

Сондай-ақ, вице-министр жалға үй алғысы келетін адамның тұрғын үй бағдарламаларының бірінде жинағы болуы тиіс екенін айтты.
Еске сала кетсек, биыл Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында 26 үй пайдалануға беріледі.