«Газель» орнына – жаңа автобустар Избранное

Пятница, 26 Июль 2019 03:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2645 раз

Шымкентте 22 шілдеден бастап қала ішіндегі №96 бағытта қатынайтын ескі «Газель» көліктерінің орнына жолаушыларға жаңа автобустар қызмет көрсетуде. Бұл туралы алғаш болып Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Іnstagram әлеуметтік желісінде жариялады.

Жасыл-2

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! «Shymkent bus» автобус паркіне алынған жаңа автобустар қала ішіндегі бағыттарда қызметін бастады. Тамыз айының ортасына дейін осындай автобустар жүретін басқа да жаңа бағыттар ашылады. Жаңа ашылған бағыттар бойынша хабарлап отырамыз, - деп жазды Қайрат Ырзақұлұлы.

Айта кетейік, 19 маусым – қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылған болатын. Осы күні жоспарланған 300 жаңа автобустың 160-ы жеткізілді. Автопаркте жанармай бекеті, сервистік орталық, автожуу қызметінен бөлек, қызметкерлер үшін жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған.

Қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк таяу арада жаңа 1000 автобус алмақ.