Версия для печати

ТАҒЫ ЕКІ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ Избранное

Среда, 07 Август 2019 05:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3241 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте жолаушылар тасымалдау саласында жаңа 2 бағыт ашылды. “Shymkent” ӘКК” өкілдерінің мәліметінше, №113 және №10 бағыттарда жаңа автобустар қатынауда.

205

№113 автобус ӘІО-Нұрсәт-3 – №7 Емхана - Гимнастика мектебі – Нұрсәт – Мәделі Қожа - ЦАХ – Кең баба аялдамасын қамтып, Қара төбеге дейін барады.
Ал №10 автобус Нұрсәт-3 – Кольцо – Сәуле шағынауданы бағыты бойынша қызмет көрсетеді.

Еске салайық, таяуда қала ішіндегі №96 бағыттағы «Газель» көліктерінің орнына жолаушыларға жайлы жаңа автобустар қызмет көрсете бастаған болатын. Айта кетсек,
19 маусым – қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылды. Сол күні жаңа 160 автобус жеткізілген.