Версия для печати

ҚАЛА ӘКІМІ ЖҰМА САЙЫН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ Избранное

Пятница, 09 Август 2019 06:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2479 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтаханов əр аптаның жұма күндері екі сағат, яғни 16:00 мен 18:00 арасында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

305

 

Басты мақсат – халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындарды толғандырған мәселелермен танысу, олардың оң шешілуіне ықпал жасау, сондай-ақ қала тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру.
Қала әкімінің жеке қабылдауына үйіңізде отырып, электронды түрде shymkent.gov.kz. сайтындағы Шымкент қаласы əкімінің жеке қабылдауына жазылу терезесін таңдап, "Жазылу" белгісін басу арқылы жазылуларыңызға болады. Сонымен қатар, Шымкент қаласы əкімдігі ғимаратының 101 кабинетіне келіп тіркелулеріңіз қажет.

INSTAGRAM-ДА ЖЕКЕ ПАРАҚШАСЫН АШТЫ

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі қала әкімі Ерлан Айтахановтың Facebook - (Erlan Aitakhanov) әлеуметтік желісінде ғана ресми аккаунты бар екенін хабарлаған болатын.

Қала тұрғындарының сұранысы бойынша Ерлан Қуанышұлы Instagram әлеуметтік желісінен @erlan_aitakhanov өзінің жеке парақшасын ашып отыр.
Қала әкімінің баспасөз қызметі аталған екі ресми парақшадан басқаларының бәрі – жалған аккаунттар екенін және әкімнің атынан ашылған басқа аккаунтарда орналастырылған кез келген ақпарат жалған екенін мәлімдейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.