Шымкентке 390 білім гранты бөлінді Избранное

Пятница, 09 Август 2019 06:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 368 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады.

302

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім еткендей, гранттарға көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасылардан шыққан балалар үміткер бола алады.

5 мың білім гранты өңірлерге әртүрлі бөлінген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласына - 165, Алматы қаласына – 190, Шымкент қаласына – 390, Алматы облысына – 540, Ақмола облысына – 390, Ақтөбе облысына – 180, Атырау облысына – 220, ШҚО-ға – 180, Жамбыл облысына – 460, БҚО-ға – 100, Қарағанды облысына – 195, Қостанай облысына – 85, Қызылорда облысына – 390, Маңғыстау облысына – 305, Павлодар облысына – 75, СҚО-ға – 60 және Түркістан облысына 1345 грант бөлініп отыр.
«Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым» бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек. Конкурсқа құжаттар 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі», - деді ҚР БҒМ-нан.
Грант иегерлерінің тізімін әкімдік жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.