Версия для печати

Беделді Бердіғалиева құрметті демалысқа кетті Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2475 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бір ұжымға бір өзі ұстын бола алатын еңсесі биік, ой-өрісі кемел, ішкі дүниесі бай, өз ісінің шын шебері саналатын жандар болады. Ондай адам қай кезде де бағалы, қай жаста да қадірлі.

333

 

Қалалық «Панорама Шымкента» газетінде 30 жылға жуық уақыт абыроймен қызмет атқарып, шығармашылық өмірбаяны осы басылым тарихымен бірге өрілген
Эьмира Бердіғалиева міне, осындай жан. Ол кәсіби журналист, тәжірибелі тәлімгер, майталман маман. «Панорама Шымкента» газетінің басшысы қызметін ұзақ жыл атқарып, басылымның қай жағынан болсын сапалық сатыға көтерілуіне сүбелі үлес қосқан беделі биік Бердіғалиеваны ұжымдастары зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салды.
Эльмира Аманғалиқызы өзі ұзақ жыл еңбек еткен бұл басылым өмірінің бір бөлшегі екенін, онда өткен жылдары ең шуақты, ең мағыналы уақыт болғанын айтып, әріптестеріне бірге қызметтес болып, сыйластықпен бірлесе жұмыс істей білгендері үшін алғысын жеткізді. Отбасылық жағдайымен Мәскеуге жиналып, немерелерінің тәрбиесімен айналысуды әжелік бақыты санаған
Эльмира Аманғалиқызына ұжымдастары сәттілік пен жақсылық тілеп, сый-құрмет көрсетіп, шығарып салды.
Өмір бізді сізбен жақсы жолдарда жолықтырсын, Эльмира ханым дейміз біз!

Асхан ҚОЖАКЕЛДІҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.