ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ФИЛИАЛЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3332 раз

Қазақстанның Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының жиыны өтті. Күн тәртібіне сәйкес, онда филиалдың жаңа төрағасы сайланды. Жиынға Шымкенттегі Журналистер Одағының мүшелері, ардагер қаламгерлер қатысты.

335

 

Алқалы басқосуға бұған дейін Журналистер Одағының қалалық филиалының төрайымы қызметін атқарған белгілі журналист, бүгінгі таңда ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Айгүл Қапбарова арнайы қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Одақ мүшелері, ардагер қаламгерлердің ұсынысымен әуелі Журналистер Одағының Шымкент қалалық филиалының Алқа мүшелері сайланды. Алқа құрамына Ерсұлтан Əмірбек, Əсет Əссанди, Жарқынбек Төлтебай, Балтабек Түйетаев, Ілияс Жолдас, Талғат Балтабаев, Сəбит Тастанбек жəне Нұршат Төкен сынды журналистер бекітілді.
Бұдан кейін Одақ филиалының Алқасы мен журналистер Уәли Қыдырдың үміткерлігін дауысқа салды. Әріптестердің бірауыздан қолдауына ие болған У. Қыдыр Журналистер Одағы Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы болып сайланды.

Айта кетсек, Уәли Қыдыр бүгінгі таңда "Оңтүстік" телеарнасының директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.