АСХАН МАЙЛЫБАЕВА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4052 раз

Белгілі журналист, «Шымкент келбеті» газетінің жауапты хатшысы Асхан Майлыбаева Қазақстанның Құрметті журналисі атанды.

334

 

Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының жиынында қарымды қаламгерге арнайы төсбелгі табыс етілді. Жиынға Шымкенттегі Журналистер Одағының мүшелері, ардагер қаламгерлер қатысты.

Асхан Майлыбаева Оңтүстік өңіріне ғана емес, республикаға танымал тәжірибелі журналист. Баспасөз саласында 40 жылдан астам уақыт жемісті еңбек етіп келеді, ақындық қарымымен де танылған қаламгер. Қаламы қуатты, сөзі алымды әріптесіміз бұған дейін облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде бас редактордың 1-ші орынбасары қызметін абыроймен атқарып, көптеген шәкірт тәрбиеледі.

Асхан Қожакелдіқызының мерейлі атаққа ие болуы «Шымкент келбеті» газетінің ұжымы үшін де үлкен мерей.