ФРАНЦИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2008 раз

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті.

326

 

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру мәселесі мен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады.
Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы қаланың экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

«Шымкенттің экономикасын ілгерілету үшін кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы салалары мен туризм индустриясын дамыту басты бағыттардың бірі. Сондықтан миллионды тұрғыны бар қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қаланың шеткі аймақтарында ауылшаруашылық саласын дамытуды жоспарлап отырмыз»,-деген қала басшысы Бас консулдан франциялық инвесторларды тартуға ықпал етуін айтты.

Француз дипломаты өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, Қазақстанның үшінші мегаполисі статусын алған Шымкенттің экономикалық әлеуеті жоғары екенін айтып өтті.
А.Шахтахтинский қала басшысына жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, іскерлік әрі серіктестік ынтымақтастықты одан әрі дамытатындары жөнінде сенімділік білдірді.