Версия для печати

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2387 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімдігі мен Қазақстан кәсіподақтар федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

325

 

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов федерация төрағасы Бақытжан Әбдірайым және кәсіподақ ұйымының жетекшісімен болған кездесуде Кәсіподақтар федерациясы - еңбек саласын жаңғыртуға бастамашы болуы тиіс екенін және жұмыс берушілермен бірге әлеуметтік бейімделумен шұғылданатын қозғаушы күшке айналуы керек екенін атап өтті.

Еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында қала әкімі және ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым бірлескен іс-шараларды өткізуге келісті.
«Үстіміздегі жылдың шілде айында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Теңіз елді мекенінде болған жағдайдың қайталануына жол бермеу, шетелдік компанияларда жергілікті мамандарға лайықты жалақы төлеу мәселесін көтере отырып, әділеттілікті сақтауды» тапсырды. Оның ішінде, кәсіпорындардағы жұмысшылардың еңбек жағдайы мен жалақысына байланысты сараптама жасауды, бұдан бөлек, мемлекет басшысы отандық мамандардың кәсіби дайындығына және еңбек тәртібін сақтау мәселесіне баса назар аударуды, оны үнемі бақылауда ұстауды жүктеді. Сонымен қатар, жас жұмысшылардың білімін көтеру, олардың қолжетімді білім алу мүмкіндігін арттыру, біліктілігін көтеру, әдептілікке тәрбиелеу күн тәртібінен түспек емес», - деді Е. Айтаханов.

Өз кезегінде кәсіподақ федерациясының басшысы кәсіподақтар жұмысындағы негізгі қағида – әлеуметтік әріптестік қағидаты екенін атап өтті.
Ынтымақтастық аясында қос тарап алдағы уақытта еңбек дауы, еңбек қауіпсіздігіне байланысты туындаған мәселелерді бірлесіп шешетін болады.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.