Версия для печати

Меморандум аясында ақысыз қызмет көрсетеді Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2136 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының «Adilet group» заң консультанттар палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзілді.

327

 

Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру. Сонымен қатар, мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыруды көздейді. Қос тарап бұдан былай Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы, ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңы аясында жұмысты жандандырмақ.

– Бәріміздің мақсатымыз – халықтың құқықтық мүддесін қорғау. Оларға қажетті көмекті дер кезінде берсек деген ниетпен игі істі қолға алып отырмыз. Nur Otan партиясында өткен кездесулерде «Adilet group» заң консультанттар палатасының кеңесшілері заң аясында әр азаматқа көмектесетін болады. Сондай-ақ, біздің консультанттар палатасы осы меморандум аясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы мүшелеріне ақысыз қызмет көрседі, – деді палата төрағасы Ілиясбек Жүнісов.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.