60 бала киім-кешекпен қамтылды Избранное

Среда, 14 Август 2019 05:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 145 раз

Үшінші мегаполисте «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Кезекті акцияны ұйымдастырған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы және фракция мүшелері акция аясында көпбалалы аналарға көмек көрсетті. Іс шараға партия мүшелері, депутаттар, білім саласының қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

321

 

Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету екенін атап өтті.

– Мектепке баратын әрбір бала қажетті киім-кешекпен, оқулықпен қамтылуы тиіс. Ақ жол тілеп отырған балаларымыз болашақта үлкен азамат болып өсетініне кәміл сенеміз. Сондықтан мұқтаждыққа жол бермей, осындай қайырымды іспен үлгі болайық – деді Б.Нарымбетов.

Акция барысында 60-қа жуық балаға киім-кешек пен мектеп сөмкесі таратылды. Сонымен қатар, халық қалаулылары Е.Сатқанбаев, Г.Құрманбекова, Н.Бұхарбаев балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, қаржылай қолдау көрсетті.

Последнее изменение Среда, 14 Август 2019 05:38
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.