ЖАҢА ХҚО АШЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 16 Август 2019 07:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2226 раз

Елімізде үш мегаполисте - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында халыққа қызмет көрсететін жаңа орталықтар ашылады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

355

Оның айтуынша, жаңа орталықтар тамыз, қыркүйек аралығында ашылады. Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО іске қосылады делінген. Осылайша, Шымшаһарда қыркүйек айынан бастап үш автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгінде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс істейді, көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай олар ХҚО, цифрлық ХҚО, көші-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жіктеледі. Жыл басынан бері алты ай ішінде онда қазақстандықтарға 15 млн қызмет көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезінде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін жаңа ХҚО-ларды, әсіресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.