Версия для печати

Ойын терминалдарының жұмысына тосқауыл қойылды Избранное

Пятница, 16 Август 2019 07:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2464 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесі қылмысының 26 дерегі анықталған. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

353

 

Қазіргі таңда аталған қылмыстық істің 8-і өндірісте болса, 18-і сот қарауына жолданған. Департамент қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 79 дана телевизор, жүйелік блоктар (167), моноблок (13), монитор (185), шот принтер (17 дана), модем (18), ойын терминалдары (48), «бинго» аппараты (21), бейнерегистратор (9) тәркіленген.
Бұдан бөлек, департамент тарапынан қала аумағындағы 58 сауда дүкен иесіне «жасыл-сары» ойын терминалдарын қою бойынша ескертпе хаттары жолданған. Қазір ойын терминалдарының жұмысына тосқауыл қойылған.
Профилактикалық тұрғыда жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз ойын бизнесімен айналысатын 5 веб-сайт анықталып, бұғатталған.
Сала мамандары заңсыз ойын бизнес өкілдері мемлекетке салық төлемейтінін айтады. Сонымен қатар, заңсыз ойын автоматтарына орнатылған арнайы бағдарламаны жеңу мүмкін еместігін халық түсінсе, дейді.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.