18000! биыл осынша адам жұмысқа қамтылады Избранное

Среда, 21 Август 2019 08:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2550 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Nur Otan» партиясымен бірлесіп «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесін ұйымдастырды. Онда екі қолға бір күрек іздеген жандарға 1600-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.

377

 

– Жәрмеңкеде тұрақты жұмысқа, Жастар практикасына қоғамдық жұмыстар мен жұмыспен қамту орталығында беріліп жатқан мемлекеттік гранттар туралы, атаулы әлеуметтік көмек жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бір сағат ішінде 150 азаматқа жолдама үлестірілді. Педагог, дәрігер, құрылысшы, аграрлық сектор бойынша мамандар сұранысқа ие екен. 1600 бос жұмыс орынына жолдама беріледі. Жастар жылына орай 2017-2019 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарға «Жастар практикасымен» 2000 орын қарастырылған. Ал жыл соңына дейін 18 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр, - дейді Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушысы Әсет Шағдат.

Ал жыл басынан бері орталық арқылы 15 582 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі 7 405 жас жұмыспен қамту шарасымен қамтылған. Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстың бір парасы. Аталған бағдарлама бүгінде үш бағытта жүріп жатыр. Бірінші кезекте бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мәселесі оң жолға қойылған. Ол бойынша 1 741 адам оқуға жолданған (жылдық жоспар 3000), оның ішінде 702-сі жастар. Жұмыссыздықты жою мақсатында жаппай кәсіпкерлікті дамытып, еңбек нарығын жандандыруға бағытталған шаралар қарқын алуда.