Туризмді дамытуға жастар да ынталы Избранное

Среда, 21 Август 2019 08:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3326 раз

Еліміздің мәдени-тарихи орындары мен көрікті жерлерімен танысуға шыққан «JASTAR KERÝENI» әлеуметтік жобасына қатысушылар шымкенттік жастармен кездесті. TED-х форматында өткен басқосуда белсенділер өз ойларын ортаға салды.

378

 

Жастар жылына арналған басқосуда мегаполис қонақтары алдымен шымкенттік белсенділердің, танымал жастардың өмір жолымен, жетістіктерімен танысты. Кездесу барысында жайдарманшы, «Байдың балалары» командасының мүшесі Ұлан Мықтыбекке көптеген сұрақ қойып, түрлі тақырыпта пікірлесті. Ол өз кезегінде әзіл әлеміне қалай келгенін, бүгінгі жастарды қызықтыратын мәселелер туралы әңгімеледі. Ал телепродюсер Алпамыс Шәрімов жақсы білім алып, білікті маман атанудың қыр-сырын жайлы әңгімеледі. Жиналғандар Жастар жылы аясында атқарылып жатқан жобалар, мемлекеттік бағдарламалар, жастарды қолдауға бағытталған игі шаралардың тиімділігін де сөз етті.

Туристік керуен соңында, жастар ақысыз қыдырып қана қайтпай, жер-жердегі туризм инфрақұрылымын қалай шешу керектігі жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Жастар жылына орай отандық туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобаны Қазақстан жастар конгресі жүзеге асыруда.