Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
Екі сағат уақытта тұрғындардың өтініштерін тыңдап, оларды шешу үшін жауапты сала басшыларына тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екенін айтқан қала басшысы қабылдауына келген әрбір азамат өзінің ой-пікірі мен өтініштерін еркін айта алатынын атап өтті.
Еске салсақ, әкімнің жеке қабылдауына онлайн режимде қала әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайты арқылы және Н.Назарбаев даңғылы 10 мекенжайында орналасқан қала әкімдігінің 107 кабинетіне келіп жазылуға болады.