Мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс атқарған жөн Избранное

Среда, 28 Август 2019 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2511 раз

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ерлан Айтаханов алғаш рет қатысқан сессияда кадрлық тағайындау мәселесі қаралып, қала мәслихатының бірқатар шешіміне өзгерістер енгізілді.

45455445

Алдымен қала әкімі Ерлан Айтаханов баяндама жасап, Қаратау ауданының әкімі лауазымына Абзал Әліқұловтың кандидатурасын ұсынды. Бұл мәселе бойынша депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді.
– Абзал Шымкентбайұлы мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар, білікті маман.

Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдарында да қызмет атқарған. Білім-біліктілігін қаланың дамуына жұмсайды деп сенеміз. Қалада атқарылған жұмыс көп. Шешімін күткен мәселелер де бар. Алдағы Үкімет отырысында қаланы дамыту бойынша бірқатар мәселелер қозғалады. Ендеше мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс атқаруымыз керек, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, жиында Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы мәслихат шешіміне және Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Мұның барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты.