ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ШАҺАР Избранное

Среда, 28 Август 2019 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2415 раз

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»ҰК» АҚ ұжымымен кездесті.

шымкент рабаев

Жүздесу барысында ұзақ мерзімді әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру арқылы инвесторларды тарту, жұмыс орындарын құру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, «Автобус паркін жаңарту», «Шымкент сити» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу, әлеуметтік нысандар құрылыс жобасын сәтті жүзеге асырудың жолдары мен проблемалар сөз болды.

Е. Айтаханов шағын және орта бизнесті дамыту қаланың орталық бөліктерімен ғана шектеліп қалмай, шалғайдағы елдімекендерді де қамтуы керек екенін атап өтті.
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бүгінгі таңдағы негізгі басым аспектісі - инвесторлар үшін қолайлы орта құру және жаңа әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру.

Жобалық кеңсе институтын енгізу - уақыт талабы екеніне тоқталған шаһар басшысы, бастамаларды сапалы орындауға мұның зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазіргі уақытта «Shymkent» ӘКК» АҚ жобалық басқаруға өтті, оның артықшылықтары – жаңа қадамдар мен міндеттерді басқаруға, мобильді кеңсе және жобаға бағдарлануға жол ашады.

Кездесу соңында қала әкімі тиісті салалық басқармаға корпорациямен бірлесіп, жүзеге асырылатын жобаларға бақылауды күшейтуді жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.