Қала әкімі Мұхтар Шахановты қабылдады Избранное

Среда, 09 Октябрь 2019 03:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2321 раз

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановты қабылдады.

шаханов фото

Кездесуде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері, қазіргі заманғы әдеби үрдіс пен Қазақстанды жаңғыртудағы шығармашыл зиялы қауымның рөлі мен рухани орта құру мәселесі талқыланды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталған қала әкімі халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін де ерекше атап өтті.

Бұдан бөлек, келер жылы Қазақстанда аталып өтілетін ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойлары туралы сөз қозғады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.