«Таза қала» – бәріміз үшін мәртебе Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2019 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 807 раз

Шымкент қаласындағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру мен көріктендіруді мақсат еткен дәстүрлі «Таза қала» акциясы биыл да жалғасын таппақ.

508

 

«Таза қала» акциясына тұрғындар, аула, көше атынан көше комитеттерінің төрағалары қатыса алады». Бұл туралы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева мен Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті Жұмағали Білісбеков БАҚ-на берген брифингінде мәлімдеді.
Жұмағали Дәулетбекұлының айтуынша, акция төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Үздік аула» (әр ауданда 1,2,3 орын, барлығы 12 орын);
«Үздік көше» (әр ауданда 1,2,3 орын, барлығы 12 орын);
«Үздік аудан»(3 орын);
«Үздік учаскелік инспектор» (әр ауданда 3 орын):
Акцияға қатысуға арналған өтінімдер Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары жанынан құрылатын жұмысшы топтарға өткізіледі. Құжаттар 2019 жылдың 21 қазанына дейін қабылданады.
Келіп түскен өтініштерге сәйкес арнайы комиссия 3 күн ішінде үміткерлердің құжаттарымен танысып, жалпы қалалық кезеңге қатысуға жібереді. Бағалау әр позиция бойынша 10 балдық жүйемен бағаланады.
– Акцияның жеңімпаздары әр ауданнан 1, 2, 3 орындар бойынша бағалы сыйлықтармен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен қоғамдық орында тәртіп сақтау, «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне байланысты нәтижелі еңбек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де арнайы бағалы сыйлықтар табысталмақ, - деді Жанар Әлібекқызы.
Акцияның жалпы жүлде қоры - 4 млн теңге.
Айта кету керек, аталған акция 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл жетінші рет өткізілмек.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.