Версия для печати

Қаланың сәулеті – елдің дәулеті Избранное

Пятница, 18 Октябрь 2019 05:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3134 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қалалық Сәулеттік кеңестің алғашқы отырысына қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.

502

 

Жиында «Shymkent City» жобасының аумағындағы тұрғын үй кешендерінің, Арғынбеков көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй кешенінің, Нұрсәт шағынауданындағы «Nur-Sultan Plaza» көп қабатты тұрғын үй кешенінің, олардың қасбеттерінің сондай-ақ, көп қабатты автотұрақтардың эскиздік жобалары талқыланды.
– Бүгінде қала жаңа леппен, жаңа қарқынмен дамуда. Қаланың сәулеті, әсемдігі мен көркі архитекторларға тікелей байланысты. Кез келген құрылыс нысанын салғанда кеңес мүшелері бір кісідей атсалысуы қажет. Себебі, біз тарихи кезеңді бастан өткерудеміз. Мегаполис деген атқа лайықты қызмет ету – баршамыздың парызымыз. Сәулеттік-көркемдік шешімдерді нақтылау барысында қателіктер жібермеуіміз керек. Қаланың қасбетін көркейтуде кәсіби көзқарастарыңызды айтып отырғандарыңыз абзал, – деді Ерлан Қуанышұлы.
Сондай-ақ, кеңес отырсында әлемдік нарықта өзіндік орны бар «High Vill» және «Feb Group» құрылыс компанияларының өкілдері жобаларын таныстырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.