685 қоғамдық бірлестік миллионды қалаға аз ба, көп пе? Избранное

Пятница, 18 Октябрь 2019 05:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 193 раз

Барлық саяси партиялардың ізбасары болуы керек. Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы  Ж. Білісбеков республика көлеміндегі барлық саяси партиялардың жанынан жастар қанатын құрған тиімді деп санайды.

503

 

Оның айтуынша, жастарды қоғамдық ұйымдарға тарту арқылы үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыруға болады.
Қаладағы бір топ үкіметтік емес ұйымның төрағалары және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының саяси кеңес мүшелері дөңгелек үстелде бас қосты. Қоғам белсенділерінің отырысына арқау болған тақырып – «Қоғамды демократиялық жолмен дамыту барысында қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың атқаратын рөлі».
«Ауыл» ХДПП Шымкент филиалының төрағасы Қ.Досалиев спикерлік еткен жиында сөз алған Ж.Дәулетбекұлы қаладағы үкіметтік емес ұйымдар қайта тіркеуден өтпегенін, бірқатар мәселелер бар екенін айтты. Тіпті, олардың саны қанша екені де бүгінде белгісіз екен. 2015-2018 жылдар аралығында тіркелгені 685 болса, әкімнің есебінде 500-ден астам деп көрсетілген. Ал кейбір дерек көздерде – 473. Бір қызығы, біразы дерлігі жұмыс істемейтін болып шығыпты. Қауымдастық төрағасы бұған бір жыл бойы көз жеткізгенін айтты. 43 жастар бірлестігіне қоңырау соғып, оның 30-ы тоқтап тұрғанын анықтаған. Ж.Білісбеков басқа да кейбір қоғамдық ұйымдардың тек тендер кезінде белсенділігі артатынын жасырмады. Ал жеке кәсіпкер Ержан Қалдыбаев оппозициялық партиялар жұмыс істемейді дегенді алға тартты.
Жиында қатысушылар мәслихат депутаттығы мен қоғамдық кеңеске сайлауда барлық партия мүшелерін қамтуды естен шығармау керек деген пікір айтты.