25 нысан пайдалануға берілген Избранное

Среда, 23 Октябрь 2019 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1957 раз

Апта басында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жайында мәселелер көтерілді.

553

 

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.Жаманкөздің айтуынша, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 24,6 млрд теңгеге 25 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген.
Кәріз жүйелерін жүргізу (210,1 км), магистралды жылу құбырларының қайта құру жұмыстары (20 км); 9 мектеп (7200 орын); 2 инженерлік-коммуникациялы инфрақұрылым нысандары; 4 автокөлік жолдары; 2 тұрғын үй құрылысы (7,4 мың шаршы метрді құрайтын 288 пәтер) сынды атқарылған жұмыстар бойынша қалалық құрылыс басқармасының басшысы Е.Ахметов шаһар басшысына баяндады.
Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы инфрақұрылым жүргізбей тұрғын үй салу дұрыс емес екенін айтты.
– Бүгінде негізгі проблемалар осының салдарынан орын алуда. Бір-екі қызметкердің дұрыс емес шешімінен бүкіл халық зардап шекпеуі тиіс,– деді Ерлан Айтаханов.
Ал, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мулкемановтың баяндамасын тыңдаған қала әкімі: «Мектеп құрылысын салуда тапсырыс беруші білім басқармасы болса да оның қай деңгейде салынып жатқанын құрылыс басқармасы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары назарда ұстауы керек. Себебі, әр істің басында өз маманы тұрса ғана жемісті нәтиже болады» деді.
Е.Айтаханов тиісті сала басшыларына тұрғын үйлер мен мектептер салу мәселесінде бюджетке ауыртпалық салмай жеке инвесторлар тартуды жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.