– Шымкент қаласында 104 мешіт бар. 68 имамға ресми жалақы тағайындалған. Орталық мешітімізге 5 мың адам сыяды. Мұнда келушілерге толық жағдай жасалған. Коммуналды төлемдер жеке кәсіпкерлердің есебінен төленеді. Ай сайын діни мониторинг жүргізіп отырамыз, - деген ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы
Бақтыбай Бейсенбаев мешіт жұмысымен таныстырды.
Бұдан кейін Данияр Есин бастаған топ Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» кеңсесіне келді. Кеңсенің жетекшісі Зәуре Оралбаева
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Дәстүрді дәріптейтін «Дәстүрім - асыл қазынам», «Ұлттық киімдер» атты қос кітаптың жарық көргені айтылып, өлкетануға, киелі жерлерге байланысты басқа да анықтамалықтар таныстырылды. «Киелі жерлер географиясы» бейнеролигі көрсетілді.