ШЫМКЕНТ ПЕН ФРАНЦИЯ: әріптестік байланыс артады Избранное

Пятница, 08 Ноябрь 2019 06:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 152 раз

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті.

356

 

Кездесуде тараптар аймақтың экономикалық дамуы мен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру бағыттары жайында әңгімелесті. Шаhар басшысы Қазақстан мен Франция арасында түрлі салада тығыз байланыс орнап, дамығанын тілге тиек етті.
Басқосуда шаһар басшысы қазіргі таңда өңірімізде инвесторларға қолайлы жағдай жасалынып отырғанын еске салды. Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласының Франциямен түрлі салада қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
– Бүгінде Шымкент – мегаполис қала. Осыған байланысты біз кез келген сала бойынша Францияның инвесторларына қолайлы жағдай жасай аламыз. Экономикалық, мәдени байланыстарымызды одан әрі өрбіткіміз келеді. Халықтың танымын арттыру мақсатында Францияның Шымкенттегі кино апталығын да ұйымдастыруды ұсынамын, – деді қала басшысы.
Жиында Франция елшісі қаланы цифрландыру, көлік қозғалысын жеңілдету және қауіпсіздік шараларын жақсарту бойынша IDEMIA француздық компаниясының «Safe city/Қауіпсіз қала» атты жобасымен таныстырды.
– Бүгінгі қоғам өте қарқынды дамуда. Оған ілесіп отыру заман талабы. Ал, көштен қалмай қарым-қатынасымызды нығайту үшін біз бір-біріміздің тілдерімізді жетік білуіміз қажет. Ғылым саласында және университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуымыз керек, – деді Ф.Мартинэ.
Кездесу соңында тараптар «Франкофония көктемі» аясында Шымкент қаласында француздық гастрономиялық фестивалін өткізуді жоспарлап, Шымкент пен Франция арасында өзара тиімді инвестициялық, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық әріптестікті дамытуға сөз байласты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.