«АЙНА» БАЗАРЫНДА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 15 Ноябрь 2019 03:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 262 раз

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Айна» базары маңында «Кеңес орталығы» ашылды.

75233724 2365655623747390 7052363697628381184 o

Қазіргі таңда Шымкентте ірі 9 базар бар. Бұл орталықта базарға келушілері мен жұмыскерлер сала мамандарынан, басшыларынан тұрғын үй, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, заң құқықтары, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде тегін консультативті кеңестер алады.
Аталған орталықта тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының маманы, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Әлсейіт Оңласын, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалының жетекшісі Арман Әлібековтың айтуынша, алдағы уақытта қалаға қарасты 4 ауданның ірі базарларында осындай орталықтар ашылмақ.
«Кеңес орталығы» аптасына екі рет, яғни сейсенбі және жұма күндері 11:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.