Версия для печати

Саялы орын 100 күнде жаңа кейіпке енді Избранное

Среда, 20 Ноябрь 2019 03:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2452 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполисте халықтың игілігіне айналған демалыс орындары тағы бір саялы саябақпен толықты. Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан гүлзар қайта абаттандырылып, ондағы субұрқақ пайдалануға берілді. Гүлзардың ашылу салтанатына Ерлан Айтаханов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев және қала тұрғындары қатысты.

15

Шаһар басшысы тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– Шымкент – қайырымды қала! Қаламыз күн санап көркейіп, кемелденіп келеді. Республикалық мәртебе иеленген шаһардың тазалығы, тұрғындардың әл-ауқаты, сапалы өмір сүруі басты назарда. Қала орталығын, шағынаудандар мен шалғайдағы елдімекендердегі қараусыз қалған, бос жатқан жерлерді абаттандырып, демалыс орындарының санын көбейтеміз. Алдағы уақытта осындай 10 жоба іске асады, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Аталған жұмыстарға қала бюджетінен 49 млн теңге бөлінген. Мердігерлер гүлзардағы 2500 шаршы метрден астам жерді көгалдандырып, 1400 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын төсеген. Қосымша орындықтар, жарық шамдар қойылған.

«Аталған субұрқақ Шымқаланың келбетін ажарландыра түсумен бірге, тұрғындардың демалып, серуендейтін ыңғайлы орнына айналады. Демалыс орнының негізі 2004 жылы қаланған. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасы нәтижесінде бұл орын арада 15 жыл өткенде қайта жаңғырды. Абаттандыру ісі 100 күнде жүзеге асты», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Б.Парманов.
Жаңа гүлзар қонақтар отырғызған ағашпен көрікті кейіпке енді.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.