136 баланы асырап алған Избранное

Пятница, 06 Декабрь 2019 05:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 578 раз

Жыл басынан бері үшінші мегаполисте 57 563 азаматтық хал актісі тіркелген. Өткен жылдың 11 айлық көрсеткішімен салыстырғанда, АХАТ бөлімінің қызметіне жүгінгендер едәуір артқан. Тиісінше, неке бұзуға өтініш қалдырғандардың қатары жыл санап өсіп отыр.

403

 

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиев баяндады.
Салада атқарылған жұмыстарды мәлімдеген спикер мемлекеттік қызметтің барлық түріне өтінімдер ХҚКО-да электронды үкіметтің веб порталы арқылы қабылданатынын айтты.
АХАТ бөлімі мемлекеттік тіркеудің 10 түрінен қызмет көрсетеді, атап айтқанда: бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, неке қиюды тіркеу, неке бұзуды тіркеу, әке болуды анықтау, бала/қыз асырап алуды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, акт жазбаларын қалпына келтіру, акт жазбаларын жою, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру және тегін, атын, әкесінің атын өзгерту қызметтері.
Айта кетейік, азаматтық хал актілерін тіркеу функцияларын Шымкент қаласында 4 аудандық әділет басқармасы атқарса, бүгінгі таңда бұл қызметтерді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі атқаруда.