«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін «МЕН ТҰРАТЫН ҚАЛА» атты фотосурет байқауының ЕРЕЖЕСІ

Среда, 04 Декабрь 2019 16:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3399 раз

1.Жалпы ережелер

Осы ереже «МЕН ТҰРАТЫН ҚАЛА» атты фотосурет байқауының ұйымдастыру тәртібін қадағалайды.

Байқауды ұйымдастырушылар: Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы және «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС.

 

 

2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Байқаудың мақсаты: Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойыншаЕліміздің үшінші мегаполисі - Шымкент қаласының жетістіктерін дәріптеу, оның мерейін асқақтату.

Байқау міндеті:

Өзінің туған еліне, өскен жеріне деген сүйіспеншілігін объектив арқылы жеткізе білген талантты фотосуретшілерді қолдау және шығармашылық тұрғысынан ынталандыру.

 

3. Байқаудың шарты 

1. Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жа­сына шектеу қойылмайды.

2. Байқау 2 /екі/ айналымнан тұрады. Бірінші айналымда байқауға қатысуға өтініш берген барлық үміткерлер қатысады. Екінші айналымда ұсынылған фотосуреттерге талдау жа­салып, ең үздік жұмыстар іріктеледі.

3. Байқауға қатысушы А-3 форматтағы 5-тен кем емес түрлі-түсті суреттерін жолдауы қажет.

4. Фотосуреттер өзіндік сюжеті мен композициясымен ерекшеленуі қажет, оқиғалар, фактілер Шымкент қаласының тарихымен байланысты  болып, рухани және мәдени құндылықтарды, патриотизм, бірлік пен келісімді насихаттауы керек.

5. Міндетті түрде фотосуретке оның тақырыптық атауы, сюжеті мен тарихын ашатын қысқаша аннотация  жазылу керек.

6. Ғаламтордан немесе кез келген басқа жолмен алынған (авторлық құқығы сақталмаған) фотосуреттер байқауға  жіберілмейді.

7. Фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген ­фотосурет­тер қабылданбайды.

8. Материалдар байқауға қатысушы туралы (аты-жө­ні, байланыс телефоны, жұмыс немесе шығармашылық орны) мәліметпен ұсынылуы тиіс.

9. Байқау тақырыбына сəйкес емес жəне талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді.

10. Материалдар байқау хабарландыруында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмеуі керек.

Авторлық құқық мәселесіне бай­қауға қатысушы тарап жауапты.

 

4. Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы

Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалауды ұйымдастыру комитеті тағайындаған қазы­лар алқасы жү­­­зе­ге асырады.

Қазылар алқасы ұсынылған фотосуреттерге талдау жа­сап, бағалап, ең үздік фотосуреттерді анықтайды және байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін ұйымдастыру комитетіне жібереді.

 

Байқау келесі тақырыптарды қамтиды:

  • Мәңгілік Ел – бұл біздің ғұмырымыз;
  • Тәуелсіздік нышандары жанындағы селфи;
  • «Біздің тарих»: қала тарихымен байланысты сюжеттер;
  • «Менің қымбатты жерлестерім»: қала тұрғындарының суреттері;
  • Қаланың архитектуралық нысандары мен ескерткіштері;
  • Қас-қағым сәт;
  • «Оқиға»: қоғамдық және мәдени өмір туралы.

 

Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

  • шығармашылық шеберлігі;
  • белгіленген тақырыпқа сəйкестік;
  • мазмұндау стилі мен техникалық сапасы;
  • авторлық тұжырымдаманың дербестігі;
  • материалдың көрушіге тартымдылық әсер туғызуы.

 

5. Марапаттау

Жүлде қорын қаржыландыруды байқаудың ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді.

Жеңімпаздар бірыңғай үлгідегі дипломдармен, қаржылай жүлделермен марапатталады.

Байқаудың жүлде қоры:

1-орын: 250 000 мың теңге (1 жеңімпаз);

2-орын: 150 000 мың теңге (1 жеңімпаз);

3-орын: 100 000 мың теңге (1 жеңімпаз);

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен әрқайсысы 50 000 теңге болатын байқауда айрықша көзге түскен 3 қатысушыға қосымша ынталандыру сыйақысы беріледі.

 

6. Байқаудың мерзімі 

І-кезең. Фотосуреттерді қабылдау, оларды іріктеу және бағалау – 2019 жылғы 18-20 желтоқсан аралығында.

 

Байқауға қатысушылар материалдарын 2019 жылғы 20-ші желтоқсанға дейін мына мекен-жайға жіберіледі: Шымкент қаласы, «Қарасу» шағын ауданы, 66/6 үй. Байланыс телефон:8 778 9347891; 8 7252 77-52-02.

Байқаудың шарттары мен өткізілу ережелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Последнее изменение Среда, 04 Декабрь 2019 16:50
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.