ЦИТАДЕЛЬ: құрылыс қарқынды Избранное

Пятница, 20 Декабрь 2019 03:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3621 раз

Шымкентте ескі қалашықтағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Қала әкімі Ерлан Айтаханов Цитадельдегі қазба жұмыстарын пысықтап қайтты. Ондағы құрылыс жұмыстарын қадағалаған шаһар басшысы ескі қалашықтың құрылысы 2020 жылы өз мерзімінде аяқталуы тиіс екенін баса айтты. Археологтар және құрылысшылармен болған кездесуде әкім ескі қалашық ауданының тарихи жоспарлау құрылысын барынша сақтауды ескертті.

56

Бүгінде 2200 жылдық тарихы бар көне шаһарымызды айшықтайтын ескі қалашықтың құрылыс жұмыстарын «Қаржан Тау» құрылыс компаниясы жүргізуде. Мердігер Әлихан Батырханұлы келер жылы өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасымен тұспа-тұс келген Шымкенттің 2200 жылдығында аталған нысанды сапалы әрі уақтылы тапсыру үшін бар күшін жұмылдырып жатқанын айтты.
– Бүгінде аумағы 5.03 гектарды құрайтын цитадельде 120-дан астам құрылысшы жұмыс істеуде. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан тапсырысты уақытында орындау үшін талмай еңбек етуде. Біздің басты мақсатымыз - құрылысты сапалы орындау, сондықтан мұнда білікті мамандар жұмыс істеуде, - деді компания басшысы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.