ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ – 109 ЖАҢА АВТОКӨЛІК Избранное

Понедельник, 06 Январь 2020 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2139 раз

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Осылайша тәртіп сақшыларының көлік паркі отандық өндірісте құрастырылған 109 жаңа автомобильмен толықты.

80765759 2412511782395107 8200848423709048832 o

Аталған қызметтік көліктер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер қызметі жұмысының тиімділігін арттыру тапсырмасы бойынша беріліп отыр.

Полиция қызметкерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған қала басшысы құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту полицейлердің жұмысын тиімдірек ететінін атап өтті.
Сонымен қатар Ерлан Қуанышұлы полиция қызметкерлеріне мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді баса айтты.

Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және  навигациялық жүйемен жабдықталған. Бұл нақты уақыт режимінде ұстау топтарының жұмысын үйлестіруге және инспекторлардың оқиға орнына немесе күзетілетін объектіге келу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Последнее изменение Пятница, 10 Январь 2020 03:10
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.