Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық проблемалары – көпшілік назарында Избранное

Пятница, 17 Январь 2020 04:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2118 раз

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің халық алдындағы есебі жалғасуда. Ғабит Мәуленқұлов бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындары алдында 2019 жылы атқарған жұмыс жайлы есеп берді.

83171294 2428158557497096 1674067849846456320 n

Б.Момышұлы атындағы ІІМ оқу орталығында өткен жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов, Nur Otan партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары мен орам басқарушылары, қалалық мекемелер, тиісті салалардың басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

2019 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған Ғабит Патшаханұлы өз баяндамасында халықпен тиімді кері байланыс орнату, көп қабатты үйлерді күрделі жөндеу, аулаларды абаттандыру, ішкі орам жолдарын асфальттау мен инфрақұрылым мәселері бойынша атқарылған жұмыс пен алдағы уақыттағы жоспарлар бойынша мәлімдеме жасады.

Баяндамадан соң Отырар, Түркістан, Самал, Ақжайық, Наурыз шағынаудандарының тұрғындары сұрақ-жауапқа шықты. Көпшілікті, әдеттегідей, тұрғын-үй коммуналды шаруашылық мәселесі мазалайды.

Тұрғындар Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарынан бастап аулалардағы балалар алаңшасы, орамішілік жол, көп қабатты үйлердегі ыстық су мен жол жөндеу мәселелерін көтерді. Әдеттегідей, АӘК алатын аналар да сұрақтарын қойды.

Аудан әкімі сұрақтарға тиісті жауаптарын нақты беріп жатты. Бұған қоса толық мәлімет беру үшін әкімдіктің мамандары тұрғындардың аты-жөні мен қойған сұрақтарын жазып алды.

82099153 2428159284163690 7207493574147964928 n

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.